Діни радикализмнің алдын алуға бағытталған лекция

Бүгін Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының аға жаттықтырушылары мен ұжым қызметкерлеріне Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының лекторы Дәрібай Мұратбек діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен діни радикализмнің алдын алуға бағытталған лекция оқыды.
Кездесу барысында дін саласындағы заңнама талаптары, діни ақпаратты дұрыс әрі сенімді дереккөздерден алу, діни мазмұндағы ақпараттарды таратуға қатысты талаптар және интернеттегі діни ақпаратқа сақтықпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ лектор діни білімі мен тиісті рұқсаты жоқ адамдардың діни уағыз жүргізуі мен діни ақпаратты таратуына қатысты заң талаптарын атап өтті. Қатысушыларға Қазақстанда діни ақпарат алуға ұсынылатын ресми интернет-ресурстар туралы ақпарат берілді.
Лекция соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дін саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.






