Жаңалықтар
Азия ойындары-2026: Эвелина Костенко қола жүлде иеленді

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық спортшы Эвелина Костенко байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы сапында қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында 500 метр қашықтықтағы байдарка-төрттік финалында Қазақстан құрамасы 1 минут 37,005 секунд нәтиже көрсетіп, 3-орын иеленді.
Ұлттық құрама сапында Эвелина Костенкомен бірге Ольга Шмелёва, Стелла Суханова және Татьяна Токарницкая өнер көрсетті.
Бұл сында Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, Өзбекстан командасы күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Эвелина Костенко Қазақстан құрамасы сапында Астана қоржынына XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін салды.
📸 Нұрғали Жұмағазы





