Жаңалықтар

Астана құрамасы қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды

2026 жылдың 21–23 шілде күндері Петропавл қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Елордалық балуандар ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетіп, 155 ұпаймен жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қаласының құрамасы (144 ұпай), үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы (141 ұпай) иеленді.

Жеке сын нәтижелері бойынша Астана спортшылары төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

🥇 Алтын медаль иегерлері:

* 60 келі – Нұрымқожа Алдаберген;
* 66 келі – Жанат Ерсаян.

🥈 Күміс жүлдегерлер:

* +100 келі – Жасұлан Халхабаев;
* Түйе балуан (+100 келі) – Мейіржан Сламшайықов.

🥉 Қола жүлдегерлер:

* 52 келі – Сапаргүл Мұхтарова;
* 60 келі – Диас Дәулет;
* +77 келі – Аңсаған Кашкеева;
* 100 келі – Мейіржан Сламшайықов;
* Түйе балуан (+100 келі) – Жасұлан Халхабаев.

Астана құрамасын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button