Жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде елордалық спортшы жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 28 маусым – 3 шілде күндері Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан XXXV халықаралық Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир өтті.
Аталған жарыста астаналық спортшы Ан Виктория жоғары нәтиже көрсетіп, үш бірдей күміс жүлдені жеңіп алды:
🥈 100 метрге жүгіру – 2-орын
🥈 200 метрге жүгіру – 2-орын
🥈 4×100 метрлік аралас эстафета (mix) – 2-орын
Спортшымызды жарқын жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!




