VIII Халық ойындары: Астана спортшылары бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша көш бастап тұр

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Астана қаласының спортшылары бесінші жарыс күнінде де жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, елордалық спортшылар бірқатар спорт түрінен маңызды жеңістерге қол жеткізді.
Футзалдан Астана құрамасы Алматы қаласының командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Баскетболдан әйелдер құрамасы Маңғыстау облысының спортшыларынан 16:3 есебімен басым түсіп, жарысты сәтті жалғастыруда.
Асық атудан Астана құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 6-орынға тұрақтады.
Бес асықтан елордалық спортшылар 5-орынды иеленді.
Волейболдан қыздар құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Осылайша 114 ұпаймен қазіргі таңда Астана құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіп, көш басында келеді.
Елордалық спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!



