Жаңалықтар
Айбек Айтбеков — Азия чемпионы

Вьетнамда өтіп жатқан күрес түрлері бойынша U23 және U17 жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Астана қаласының балуаны Айбек Айтбеков топ жарды.
Грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен елордалық спортшы финалда үндістандық Сураджды айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Айбек Азия чемпионаты барысында жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Ол бес белдесу өткізіп, қарсыластарынан жалпы 37 ұпай еншілеген. Ал өз қарсыластарына небәрі 1 ұпай ғана ұстатты.
Осылайша елордалық спортшы Азия чемпионы атанды.





