Жаңалықтар
Ризабек Айтмұхан Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

97 келі салмақ дәрежесінің финалында Астана қаласының балуаны Ризабек Айтмұхан Шығыс Қазақстан облысының өкілі Нұрдәулет Бекеновпен белдесті.
Айтмұхан финалдық кездесуді жоғары қарқынмен бастап, қарсыласының артына өтіп есеп ашты. Артынша белден асыра лақтырып, алғашқы кезеңді 4:0 есебімен аяқтады.
Үзілістен кейін де елордалық балуан басымдығын сақтап қалды. Ол қарсыласының аяғына өтіп, тағы екі ұпай еншіледі. Кейін артына шығып, есеп айырмасын ұлғайтты. Соңғы сәтте нәтижелі әдіс жасап, белдесуді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Ризабек Айтмұхан Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.





