Жаңалықтар
Астана триатлоншылары Қазақстан чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 9 мамыр күні Түркістан қаласында супер-спринт қашықтығы бойынша триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
8 өңірден жалпы саны 130 спортшы қатысқан ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, түрлі жас санаттарында жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Алтын жүлдегерлер:
* Ержанова Диана — ересектер арасында
* Нурмухамет Алуа — жастар арасында
* Айнегов Рамазан — юниорлар арасында
🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Ким Аида — ересектер арасында
* Қанай Елмұрат — жастар арасында
* Исмаилбаев Хайдар — жасөспірімдер арасында
🥉 Қола жүлдегерлер:
* Кельгин Владислав — жастар арасында
* Маралбекова Сара — юниорлар арасында




