Жаңалықтар

Елорда спортшылары самбодан әлем кубогында жүлдегер атанды

2026 жылдың 10–13 сәуірі аралығында Арменияның Ереван қаласында самбодан Әлем кубогы өтті. Әлемдік додаға 21 елден 300-ден астам спортшы қатысып, бақ сынасты.

Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары Габдулманап Ерасыл жоғары нәтиже көрсетіп, +98 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болса, Сәтова Аружан 65кг салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.

Спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button