Жаңалықтар
Астаналық баскетболшы Азия Кубогына жолдама алды

2026 жылдың 5–10 сәуірі аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (U18) арасында FIBA Азия Кубогына іріктеу кезеңі (CABA) өтті.
Аталған додада Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 🥇 1-орынды иеленді.
Құрама сапында өнер көрсеткен елордалық спортшы Қанат Еркебұлан жеңіске өз үлесін қосып, Азия Кубогына жолдама алуға атсалысты.
Спортшымызды және ұлттық құраманы жарқын жеңісімен құттықтаймыз!





