Жаңалықтар

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі аяқталды.

Әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай шешуші сында Қытай спортшысы Данабек Байкенжеге қарсы шықты.

Отандасымыз жекпе-жекте қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.

Айбек бұған дейін 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионы атағына қол жеткізген.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button