Жаңалықтар
Нұрбек Оралбай – Азия чемпионы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 85 келідегі Нұрбек Оралбай финалда Өзбекстан спортшысы Жасурбек Юлдошевпен жұдырықтасты.
Қарсыласынан қарағанда тәжірибесі әлдеқайда мол отандасымыз 3 раундта да рингте еркін қимылдап, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.




