Жаңалықтар
Бас қала балуандары боз кілемде топ жарды

2026 жылдың 6–8 сәуірі аралығында Талдықорған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында «Наурыз» мейрамына және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Секербекұлы Жаналинді еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Аталған додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, елорда қоржынына екі алтын медаль салды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Исабаев Мирас — 73 кг
🥇 Райс Бибарыс — 100 кг
15 облыс, 3 қала, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 800-ге жуық балуан қатысқан жарыста Астана қаласының құрамасы жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Жеңісті жол жалғасын тапсын! Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды құттықтаймыз!





