Жаңалықтар

Қазақ күресінен Қазақстан кубогі өз мәресіне жетті

2026 жылдың 26–29 наурыз күндері Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Дүбірлі додаға 18 салмақ дәрежесі бойынша 369 балуан қатысып, бақ сынасты.

Жарыстың үшінші күні елордалық спортшы Томирис Тоқмұрзина 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

Бұған дейін жарыстың алғашқы күндері де астаналық балуандар жүлделі орындардан көрінді. Әйелдер арасында 70 кг салмақта Аида Күмісова күміс жүлдегер атанса, ерлер арасында +100 кг салмақта Халхабаев Жасұлан қола медаль иеленді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button