Жаңалықтар
Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова Әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды

2026 жылдың 29–31 мамыр күндері Испанияның Понтеведра қаласында көркем жүзуден Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті. Дүбірлі додаға 29 елден 208 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасы сапында 22 спортшы ел намысын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы, ұлттық құрама мүшесі Алдияр Рамазанов ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында 223,0833 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, аралас жұптық техникалық бағдарламада Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова сәтті өнер көрсетіп, қола медальға қол жеткізді.





