Жаңалықтар
Астана қаласының спортшылары зияткерлік спортта тағы бір белесті бағындырды

2026 жылдың 10–18 ақпан күндері Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Турнирге 16 облыс пен 3 қаладан 144 спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесінде елордалық Базаралиева Гульнара классика бойынша күміс жүлде иеленіп, Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, астаналық Есіркеп Құндыз овари бағыты бойынша VI Көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңіне жолдама жеңіп алды.





