Жаңалықтар

Фуджейрада көк ту көтерілді: Астана каратэшісі әлемдік аренада жүлде алды

2026 жылдың 10–17 ақпаны аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында каратэден (WKF) халықаралық “Karate 1 Youth League” турнирі өтті.

Аталған додада Астана қаласының спортшысы Мустафаев Роди 16–17 жас санатында кумитэ бойынша сынға түсіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде елордалық спортшы қола жүлдеге ие болып, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.

Халықаралық аренада ел намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған спортшымызды құттықтаймыз!

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button