Жаңалықтар

Қазақстанның Әнұраны Миланда шырқалды

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері еркін бағдарламада жоғары деңгейде сырғанап, 198.64 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, 32 жылдан кейін Қазақстанның Әнұраны қысқы Олимпиада ойындарында қайта шырқалды.

Бұл – отандық спорт үшін тарихи жетістік! Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыны және оның бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button