Жаңалықтар
Астаналық триатлоншылар ел чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері Астана қаласында жабық ғимаратта триатлоннан юниорлар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 7 аймақтан 130 спортшы қатысып, бақ сынады.
Аталған ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарды жеңіп алды:
•Айнегов Рамазан — 1 орын 🥇 (U19)
•Нурмухамет Алуа — 1 орын 🥇 (U17)
•Ержанова Диана — 1 орын 🥇 (U19)
•Ким Аида — 2 орын 🥈 (U19)
•Пильтяев Владимир — 2 орын 🥈 (U17)
•Укошева Айым — 3 орын 🥉 (U15)
•Исмаилбаев Хайдар — 3 орын 🥉 (U15)






