Елорда спортшылары конькимен жүгіруден ел чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 20–21 қаңтар күндері Астана қаласында конькимен жүгіруден командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Командалық спринт сайысында
Астана қаласының спортшылары — Шабасова Екатерина, Важенина Дарья және Дауранова Алина 1-орынды иеленді.
2-орынға Жанадилов Руслан, Гаврилов Демьян, Саткожа Азамат, Қайыргазы Абылайхан және Вехов Платон тұрақтады.
Командалық 6 айналымдық жарыста
Шабасова Екатерина, Рымбек Айзада және Бачурина Дианадан құралған Астана командасы күміс жүлдені жеңіп алды.
Командалық 8 айналымдық жарыста
Елорда спортшылары — Жанадилов Руслан, Саткожа Азамат және Қайыргазы Абылайханнан құралған команда 1-орынға ие болды.
Аралас командалық жарыста
Важенина Дарья мен Жанадилов Руслан чемпион атанды.
Масс-старт (16 айналым) сайысында
Саткожа Азамат — 2-орын,
Қайыргазы Абылайхан — 3-орынды иеленді.
Жалпы командалық есеп бойынша Астана қаласының құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдемен 1-орынды иеленіп, чемпион атанды.






