Жаңалықтар

Тәуелсіздікке тарту: шағын футболдан тартысты турнир

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2025 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 І орын — Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен №8 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;

🥈 ІІ орын — “Достық” командасы.
Нақтырақ айтқанда, №1, №5 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы;

🥉 ІІІ орын — “Бірлік” командасы.
Атап айтқанда, Астана қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебі, “Елорда” спорт клубы, Олимпиадалық резерв дайындау орталығы, №3 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Спорттық медицина орталығы.

Турнирдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ұйымшылдық пен жоғары спорттық рухтың үлгісін көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button