Астана спортшылары джиу-джитсудан Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

2026 жылдың 11–20 шілде күндері Алматы қаласында джиу-джитсудан JJIF Asian Jiu-Jitsu Championship 2026 Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додаға 29 елдің үздік спортшылары қатысты.
Аталған жарыста Астана қаласының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 15 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 5 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.
🥇 Алтын медаль иегерлері:
* Мехдиева Джамиля (U16, 48 кг)
* Рахметова Айханым (U16, 57 кг)
* Алибек Али (U18, 85+ кг)
* Цой Анеля (U18, 48 кг)
* Капан Камила (U18, 52 кг)
🥈 Күміс медаль иегерлері:
* Анварұлы Салих (U16, 56 кг)
* Жүрген Жанеля (U16, 52 кг)
* Какен Сунита (U18, 44 кг)
* Беріхан Зере (U18, 52 кг)
* Маршалхан Нұртілек (U18, 77 кг)
* Кабдуллаев Мерей (Ересектер, 85 кг)
* Кенжегара Руслан (Ересектер, Ju-Jitsu Fighting, 69 кг)
🥉 Қола медаль иегерлері:
* Канат Айша (U18, 48 кг)
* Асылбеков Бекасыл (U21, 94+ кг)
* Казтаев Бекзат (Ересектер, 56 кг)




