Жаңалықтар
Шымқалада қазақ күресінің үздіктері анықталды

2025 жылғы 23–27 қараша аралығында Шымкент қаласында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Елдің ең таңдаулы балуандары бір аренада бас қосып, 16 салмақ дәрежесінде белдесіп, 68 медаль мен чемпиондық кубок үшін тартысты бәсекеге түсті.
Астана қаласының намысын қорғаған балуандар жоғары шеберлік көрсетіп, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
•Еренгайыпов Ержан — 66 кг, алтын 🥇
•Молдаш Кемелбек — 66 кг, күміс 🥈
•Гайып Торехан — 55 кг, күміс 🥈
Жерлестеріміз елорда абыройын асқақтатып, нағыз спортшыға тән ерік-жігер мен қайсар мінез танытты.




