Жаңалықтар

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрама командасы Ислам ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның әйелдер гандбол құрама командасы тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Ақтық сайысқа дейін қарсыластарына мүмкіндік бермей, үздік ойын үлгісін көрсеткен спортшы қыздар шешуші матчта Түркия құрамасымен кездесіп, тартысты додада 31:34 есебімен қарсыластарына есе жіберді.

Ұлттық құраманың сапында елордалық спортшылар Жапарова Аида, Мырзамсейітова Мәдина және Қуандыкова Жанерке ел намысын абыроймен қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ислам ойындарында өз тарихында алғаш рет жүлдеге қол жеткізіп, күміс медаль иеленді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button