Жаңалықтар

Астаналық каратэшілер TBILISI OPEN халықаралық турнирінде 8 медаль жеңіп алды

13–16 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында каратэ WKF бойынша TBILISI OPEN халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додада 5 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарысқа барлық жас ерекшеліктегі спортшылар қатысты.

Астана командасы турнирде үздік нәтиже көрсетіп, қатысқан 8 спортшының барлығы жүлдемен оралды:

🥇 Мустафаев Роди
🥇 Ержан Адият
🥇 Ушкемпирова Аяулым
🥇 Ценгель Николь
🥇 Жаксыбаева Венера
🥈 Ергалиев Ернур
🥉 Ныгметбек Бекарыс
🥉 Абжанова Малика

Осылайша, астаналық спортшылар халықаралық турнирде жоғары дайындықтарын көрсетіп, ел қоржынына 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдар салды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button