Жаңалықтар
Жапонияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстанның дзюдодан құрама командалары жүлделі орындар иеленді

Ерлер құрамасы шешуші кездесуде Франция командасын сенімді түрде жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Команда сапында елордалық сурдо балуан Сабыржан Хапизов та өз үлесін қосты.
Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен өткен тартысты кездесуде күміс медаль еншіледі. Қазақстан әйелдер құрамасының намысын қорғаушылар қатарында елордалық дзюдо шебері Амина Файзуллина бар.





