Жаңалықтар

Астаналық гір спортшылары әлем чемпионатында топ жарды

2025 жылғы 13–18 қазан аралығында Қытай елінің Хайнин қаласында гір көтеруден жастар, ересектер және ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 26 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.
Елорда спортшылары керемет нәтижелерге қол жеткізді:
•Черепанов Валерий (63 кг)
•Ұзын айналым: жастар арасында 1 орын, ересектер арасында 2 орын. 32 кг гірмен 65 рет көтеріп Қазақстан рекордын орнатты.
•Жұлқа көтеру: жастар арасында 1 орын, ересектер арасында 3 орын, 32 кг гірді 103 рет көтерді.
•Серпе көтеру: жастар арасында 1 орын, ересектер арасында 2 орын, 32 кг гірді 165 рет көтеріп жаңа Қазақстан рекордын жаңартты.
•Гельмудинов Ринат (78 кг)
•Ұзын айналым: ересектер арасында 2 орын, 32 кг гірді 77 рет көтерді.
•Серпе көтеру: ересектер арасында орын, 32 кг гірді 109 рет көтерді.
•Юзюк Светлана (68 кг жоғары салмақ)
•Ұзын айналым: 2 орын, 24 кг гірді 42 рет көтеріп Қазақстан рекордын орнатты.
•Жұлқа көтеру: 3 орын.
•Серпе көтеру: 2 орын, 24 кг гірді 175 рет көтерді.
Спортшылардың жаттықтырушысы – Абдахин С.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button