Жаңалықтар
Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиадада елордалық сурдо-балуандар жеңімпаз және жүлдегер атанды

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында 70 кг салмақ дәрежесінде астаналық сурдо-балуан Файзуллина Амина ақтық сында украиналық Похорелова Маринаны жеңіп, алтын жүлдені жеңіп алып жеңімпаз атанды.
Ал 100 (+) кг салмақтан жоғары дәрежеде Астана қаласының спортшы Сабыржан Хапизов украиналық Володимир Маклаковты жеңіп, қола жүлдегер атанды.





