Жаңалықтар

🥈 Астаналық жүзгіш Әділбек Мусин Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы да жеңіс тұғырына көтерілді

Жерлесіміз 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Ол қашықтықты 52.73 секундта жүзіп өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Әділбек осы жарыста 50 метр баттерфляй әдісімен жүзуде 23.85 секунд нәтижемен алтын медаль иеленген болатын.

Бұл жолы Өзбекстандық Эльдорбек Усмонов (52.69) бірінші орынды жеңіп алды, ал угандалық Джессе Сенгози (53.45) үздік үштікті қорытындылады.

📸 Нұрғали Жұмағазы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button