Жаңалықтар
Елордалық дзюдошылар – Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегерлері

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында елордалық балуандарымыз тамаша өнер көрсетті.
🥋 Мәди Амангелді (81 кг) финалда Түркия өкілі Ведат Албайракпен кездесіп, тартысты белдесуде екінші орынға ие болды.
🥋 Ержан Еренқайыпов (66 кг) финалда өзбекстандық Замухшори Бекмуродовқа есе жіберіп, жарысты күміспен аяқтады.
Ол бұған дейінгі айналымдарда:
•1/8 финалда — Исмаил Әл-Хасан (Нигерия),
•ширек финалда — Руслан Пашаев (Әзірбайжан),
•жартылай финалда — Нармандах Маянбух (БАӘ) спортшыларын жеңген болатын.
Жоғары деңгейдегі нәтиже көрсеткен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!






