Жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтті

2025 жылдың 31 қазан – 4 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтті.
Байрақты бәсекеге 32 мемлекеттен 535 спортшы қатысып, жекелей және командалық сайыстарда бақ сынады.
Қазақстан құрамасынан 35 спортшы аттанды.
Қазақстан құрамасы командалық сайыста алтын медаль иеленді.
90 метрлік мажар нысанасы бойынша өткен жарыста біздің құрама Австралия командасымен тең түсіп, қайта атыс нәтижесінде жеңіске жетіп, алтынды қанжығасына байлады.
Команда сапында астаналық спортшы Тапенов Ербол өнер көрсетті.
Сабыржан Фариза жамбы нысанасы бойынша Әлем кубогінде күміс жүлдені иеленді.
Батихан Айкөркем Әлем кубогінде жекелей сында қола медальдің иегері атанды.






