Азия чемпионатында елордалық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Үндістанның Ахмедабад қаласында 2025 жылдың 4-7 қазан аралығында әртістік жүзуден Азия чемпионаты өтті.
• Соло техникалық бағдарлама (әйелдер) бойынша – Ясмина Исламова 3-орын;
• Соло техникалық бағдарлама (ерлер) бойынша – Эдуард Ким 2-орын иеленді.
• Ал еркін топтық бағдарламада Қазақстан құрамасы 1-орынға табан тіреді.
Құрама сапында: Валерия Столбунова, Ясмина Исламова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Жаклин Якимова және Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.
Екінші күні:
• Микс дуэт техникалық бағдарламада
Эдуард Ким – Карина Магрупова – күміс медаль;
Алдияр Рамазанов – Ясмина Исламова – қола медаль;
• Топтық техникалық бағдарламада Қазақстан құрамасы тағы да алтын медальді жеңіп алды.
Үшінші күннің қорытындысы:
• Соло еркін бағдарлама (ерлер) – Артур Майданов 3-орын иеленді.
Төртінші күннің нәтижесі бойынша:
• Акробатикалық топтық бағдарламада Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды.
Құрама спортшылары: Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Ясмина Исламова.
Жалпы нәтиже бойынша қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншіледі.
Бұл – елордалық спортшылардың Азия аренасындағы жоғары деңгейдегі шеберлігінің айқын дәлелі!