Жаңалықтар

Елорда керлингшілері Қазақстан чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Астана қаласында 2025 жылдың 19–30 қыркүйек күндері жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасында керлингтенҚазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты додаға еліміздің 8 өңірінен 128 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.

Елорда спортшылары жарыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аралас команда (юниорлар) сайысында Тастемир Мерей, Тастемир Ибрагим, Қазез Маржан және Кусаинов Санжар бірінші орын иеленді. Аралас жұп (жастар) арасында ЖұмағожаӘділ мен Тастемир Мерей топ жарса, ерлер командасы (юниорлар) құрамында ТастемирИбрагим, Кусаинов Санжар және ТугельбаевКарим жеңіс тұғырынан көрініп, біріншілікті қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, аралас жұп (юниорлар) бәсекесінде ТастемирИбрагим мен Тыныбаева Алиша алтын медаль еншіледі.


Ал әйелдер командасы (юниорлар) құрамында Тастемир Мерей, Қазез Маржан және Тыныбаева Алиша, сонымен қоса, аралас команда (жастар) жарысында Жұмағожа Әділ, Тастемир Мерей және Сұлтанов Бауыржан да екінші орыннан көрінді.

Жалпы есепте астаналық керлингшілер 4 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button