Жаңалықтар

Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында 28 қыркүйек – 1 қазан аралығында өткен су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионатында астаналық спортшы Әділбек Мусин алтын жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың үшінші күні елордалық жүзуші 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен 23.74 секундта мәреге бірінші болып жетті.
Бұл жетістік – Қазақстан командасы үшін басты жеңіс. Әділбек Мусиннің тарихи нәтижесі ел мерейін үстем етіп, су спорты тарихындағы жаңа белесті айшықтады.

Жалпы, үш күндік сын қорытындысында қазақстандық спортшылар 7 медаль иеленді: 1 алтын, 4 күміс және 2 қола. Оның ішінде жалғыз алтын – Астананың мақтанышы Әділбек Мусинге тиесілі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button