Жаңалықтар
Академиялық есу: Астаналық спортшылар алғашқы күннен топ жарды

14 қыркүйек Түркістан қаласында VI Жастар спорт ойындары басталды. Дүбірлі додада елордалық спортшылар академиялық есу бойынша алғашқы күннен-ақ жоғары нәтиже көрсетті.
Екінші күн қорытындысына сәйкес астаналық спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Алтын медаль иегерлері:
- Асханбек Бапан / Айбеков Арыстан (M2x)
- Матусевич Артём / Султанов Бауыржан (LM2x)
- Қонурбаева Аягоз / Макзумова Саида / Каирова Жансұлу / Қонурбаева Медина (LW4-)
- Фомичев Тимур / Мельников Ярослав / Сексен Арслан / Сәгімбаев Дидар (M4-)
- Татаринов Эльдар / Мухаметкан Абай / Кулназаров Султан/ Султанов Бауыржан (LM4-)
- Конурбаева Медина / Каирова Жансулу (LW2x)
- Жұмаш Сара / Әділ Аружан (LW2x)
Айта кетейік, жарыс 19 қыркүйекке дейін жалғасады.