Жаңалықтар
Елордалық джиу-джитсу құрамасы Азия чемпионатына дайын

«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов, джиу-джитсудан Астана құрамасының жаттығу барысына қатысты. Бүгінде спортшылар, 2025 жылғы 20-27 мамыр аралығы Амман (Иордания) қаласында өтетін U21 жас санаты арасындағы Азия чемпионатына тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. ARMJJ жекпе-жек өнері академиясының бас жаттықтырушысы Арманжан Рузахуновтың баяндауынша, бұл спорт түрінің даму қарқыны оның ішінде, Астана құрамасының жетістік деңгейлері жоғары. Бұған осы жаттығу барысында да көз жеткіздік десек артық емес.