Жаңалықтар
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Қысқы азия ойындарында ірі жеңіске жетті

Кёрлингтен Қазақстанның әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында керемет жеңіске қол жеткізді. Біздің спортшылар Қытайдың Тайпей командасын 14:0 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетейік, құраманың сапында Астана қаласының спортшысы Мерей Тастемір өнер көрсетті. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға есе жіберген болатын.
Келесі кездесуде ұлттық құрама жарыс қожайыны – Қытай командасымен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен бүгін, 16:00-де өтеді. Ал ертең қазақстандықтар Филиппин және Қатар құрамаларымен ойнайды.
Өткен ойындарда Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түскенін еске сала кетейік.