Жаңалықтар

ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ.

Бүгін шахмат Олимпиадасында тарихи көрсеткіш орнатқан еліміздің жүлдегерлерін Астана әуежайынан қарсы алу іс-шарасы өтті. Қазақстан құрама сапында Астана қаласының екі бірдей шахмат шеберлері сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегерлері атанды. Атап айтқанда, Меруерт Камалиденова және Амина Кайырбекова. Айта кетейік, 10-23 қыркүйек аралығы Будапешт қаласында өткен Олимпиадада қазақстандық шахмат шеберлері алғаш рет екінші орынға ие болды.

1-орын. Үндістан — 19 ұпай
2-орын. Қазақстан — 18ұпай
3-орын. АҚШ – 17 ұпай

Аталған жарыста әйелдер арасында 180 мемлекеттен 907 қатысушы, оның ішінде 71 гроссмейстер және 163 халықаралық шахмат шеберлері бақ сынады.

https://www.instagram.com/reel/DAS5nCFOkmB

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button