Жаңалықтар

Елордада » Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі».

Бүгін экологиялық акцияға Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбай, әйелдер хоккейі Академиясының негізін қалаушы Бұлбұл Картанбай, қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова қатысты. Сондай-ақ, акцияға Астанада өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысушы елдердің спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Тәжікстан, Таиланд, Вьетнам және Түрікменстан спортшылары. Олар Нұра ауданындағы Әйтеке би көшесінің бойына ағаш отырғызды.

«Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді, аулаларды тазалау және көгалдандыру және жолдарды ретке келтіру бойынша науқан жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Біз бәріміз бір қалада тұрамыз және оның таза әрі жайлы болғанын қалаймыз. Сенбілік-Сұлулық пен тазалықта өмір сүруге деген ортақ тілегімізді көрсетудің тамаша тәсілі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығын «Таза Қазақстан» көктемгі экологиялық айлығына белсенді қатысуға шақырамын. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі». Дегенмен, көгалдандыру және аумақтарды тазалау бір реттік акция емес екенін есте ұстаған жөн. Мұндай іс-шараларды біз үнемі өткізетін боламыз», – дейді бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбай.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық спортшылар қаланы санитарлық тазалауға және елордадағы ескерткіштерді тазалауға қатысып, «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдаған болатын.

Сондай-ақ, Елордада 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында бокстан Азия чемпионаты өтеді.

Елордада ауқымды экологиялық жұмыстар жалғасуда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button