Жаңалықтар

IV Азия паралимпиада ойындары 2023 жылдың қазан айы Ханчжоу (Қытай) қаласында өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Азатұлы, Алматы қалалық Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының басшысы Найзабек Сағымбаевпен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты мекемеге қарасты спорт түрлерінің қазіргі жағдайы, Азия, әлем чемпионаттары, Сурдлимпиада, ХІХ Азия және Азия Паралимпиада ойындары бойынша жоспарлы тақырыптар талқыланды.
Айта кетейік, IV Азия паралимпиада ойындары 2023 жылдың қазан айы Ханчжоу (Қытай) қаласында өтеді деп жоспарланған.
Осы орайда, әлемдік додаларда ел намысын қорғаушы ерекше спортшыларды жоғары деңгейде дайындап бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу туралы келісім жасалды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button