Жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР, АНАЛАР, ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!
Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.