Жаңалықтар

Аламанның алғашқы күні нәтижелі аяқталды

Бүгін, Бахрейн астанасы Манамада күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Азия-2022 алаңының бірінші күні еліміздің спортшылары үшін нәтижелі аяқталды. Нақтырақ айтсақ, грек-рим күресінен (U20) күрескен спортшымыз – Сайлау Мақсат (87 кг), бірінші айналымында Иран палуанын 9-0 есебімен ойсырата жеңіп, екінші ретте де (2-1 есебімен) Қырғыз спортшысынан басым түсті. Асқан сенімілік пен шеберлікті бойда ұстаған палуанымызға финалдық кездесу қиындық туғызған жоқ (Өзбек палуаны, 9-0 есебімен). Нәтиже – алтын медаль.

Сондай-ақ, құрлықтың қазіргі біріншілігінде Азияның жас спортшылары арасында 63 кг келі салмақта бақ сынасқан спортшымыз – Сабаз Бағдат бірінші айналымда Иран палуанына (9-1) есе жіберіп,
үштік үшін барын салды. Өзбек палуанын 5-2 есебімен ұтып қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, жарысқа қатысушы 10 елдің 80 астам спортшылары 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайтын болады: 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97кг, 130кг.

Азия чемпионаты 5-10 шілде аралығы «ХАЛИФА спорт қаласы» спорт аренасының кілемдерінде өтуде. Қоса кетейік, осы аптаның басында 15 жасқа дейінгі Азия чемпионаты өткен болатын.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button