Үздіктер марапатталды
Бүгін “Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы” басшысы Данияров Бағдат Болатұлы 17-ші Азия чемпионатында ел намысын абыроймен ақтап келген Нұр-Сұлтандық көркем гимнастика шеберлерін қабылдап, ерекше ілтипат көрсетті.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 23 маусымы Паттайя (Таиланд) қаласында ересектер арасындағы 11-ші Азия чемпионаты және көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 17-ші Азия чемпионаты өткен болатын.
Нәтижесінде өнерлі қыздарымыз жалпы айтқанда 13 медальға ие болды. Оның 6 алтын, 5 күміс және 2 қола.
Жарысқа 17 ел шеберлері жеке біріншілік және топтық жаттығуларда өнер көрсетті. Атап айтсақ, Қазақстан, Таиланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Қытай, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Сингапур, Филиппин және Гонконг.
Командалық біріншілікте ересек қыздар Өзбекстан құрамасына есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орында Жапония құрамасы.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста алтын, жеке бағдарлама мен доп тебуде алтын, құрсау, шоқпар және лентада үш күміс, топ ойыншылары көпсайыста және топта екі алтын, ал доппен жаттығуда қоланы жеңіп алды.