Бокс, дзюдо, грек-рим және күрес түрлерінен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Кубогы
2006-2007 жылы дүниеге келген спортшы- шәкірттер бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Кубогын сарапқа салатын болады.
Бүгін, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Кубогінің жартылай финалы мен финалы бастау алды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша,
А тобының жеңімпазы мен С тобының үздігі, ал В тобының мықтысы мен D тобының жеңімпазы финалға берілер жолдама үшін таласады.
Атап айтқанда:
1-жұп: К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Алматы қ.) – Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Қызылорда обл);
2-жұп: Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Нұр-Сұлтан қ.) – Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернаты (Қарағанды обл);
Аталған оқу орындарының 2006-2007 жылы дүниеге келген шәкірттері бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен өзара мықтыларды анықтайды.
Айта кетейік, мамырдың 1-4 аралығында өткен топтық кезеңге барлығы 17 команда қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Тараз қаласында үздікті анықталған болатын.
Министр Кубогінің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға – 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға – 2 млн. теңге беріледі.
Бұдан бөлек, төрешілер бокстан – «Үздік техникасы үшін», еркін күрестен – «Жеңіске деген ерік-жігері үшін», дзюдодан – «Үздік әдіс үшін», грек-рим күресінен – «Көрермендердің көзайымы үшін» номинацисында жеңімпаздарды анықтайды.
Балалар жылы аясында ұйымдастырылып жатқан кешенді бәсеке балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға бағытталған. Министр Кубогінің бүгінгі қатысушылары – ертеңгі ел спортының болашағы.