Елорда спортшылары рекорд жаңартты
Ел үздіктері анықталды. Елордада жүзуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ішкі біріншілікке бас-аяғы 315 спортшы қатысты және бұл өзіндік рекорд дейді ұйымадстырушылар. 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте Алматы қаласының құрамасы алдына жан салмады. Олар 685 ұпай жинады. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласы (486 ұпай) мен Қостанай облысының (289 ұпай) командалары түйіндеді. Ал, жергілікті Арсен Қожахметов пен Александр Жубрин жақсы нәтиже тіркеп, жарыстың рекордын жаңартты. Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жас үміткерлер спорттық рарядттарын арттырды. Ал, ең жақсы өнер көрсеткендері ұлттық құрамаға алынды. Енді олар алдағы халықаралық жарыстарда, оның ішінде биылғы Азия ойындары, Азия чемпионаты және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.