Азия чемпионатында топ жарды
Бақбергенова чемпион атанды. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні бозкілемге әйелдер шықты және бұл сында қазақстандық Мәдина Бақбергенова алдына жан салмады. Ол финалда әлем чемпионатының жүлдегері қырғызстандық Мейірім Жұманазаровамен жолықты. Мйірім ә дегеннен белсенді болып, 2 ұпай алға шықты. Ал, жерлесіміз Мәдина жекпе-жектің соңғы секундттарында ғана қарымта әдістерін сәтті орындап, 3:2 есебімен алға шықты. Осылайша әйелдер күресінен қоржынға алғашқы алтын түсті. Мәдинаның бұл жеңісін спорт мамандары сенсацияға балап жатыр. Бұған қоса, тағы бір қазақстандық Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол созды. Ол соңғы сында жергілікті спортшымен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Бұрымды палуандардың бәсекесі бүгін де жалғасады. Одан кейін еркін күрес шеберлерінің жарысқа араласады. Азия чемпионатының жалпы қортындысы 24-ші сәуірде белгілі болады.