Жаңалықтар

Қоржында 9 медаль

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың алғашқы күндері грек-рим күресінің бәсекелері өтті және бұл сында жерлестеріміз жалпы есепте топ бастады. Яғни, классиктер еншісінде 2 алтын 5 күміс және 2 қола бар. Атап айтқанда, аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов пен орта салмқатағы Мейіржан Шермаханбет қарсылас шақ кетірмеді. Әсіресе, Мейіржан соңғы сында екі дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы кореялық Рю Хан Суды ұтты. Жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Қорытынды есеп: 11:3. Бұған қоса, Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов және Абылайхан Әмзеевтер финалда ғана есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 82 келідегі Диас Қален де осындай нәтиже көрсетті. Ал, ұлттық құрама сапындағы Нұрсұлтан Тұрсынов пен Ернұр Фидахметов өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеді. Енді бозкілемге бұрымды балуандар шығады. Азия чемпионатының жалпы қортындысы 24-ші сәуірде белгілі болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button