Жаңалықтар

Саньяда VI Азия жағажай ойындарының ашылу салтанаты өтті

Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған мультиспорттық дода Азия Олимпиадалық кеңесі күнтізбесіне 10 жылдан кейін қайта оралып отыр. Бұған дейін жарыс 2016 жылы Вьетнамның Дананг қаласында өткен болатын.

Атлеттер шеруінде Қазақстан құрамасының туын елордалық акватлоншы Диана Ержанова алып шықты.

Жағажай Азия ойындары 22–30 сәуір аралығында өтеді. Додаға шамамен 1790 спортшы қатысып, жарыстар Санья шығанағы бойында, өзен аймағында және қаладағы спорт нысандарында ұйымдастырылуда.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары да ел намысын қорғайды:

* Нұржан Батырбеков — джиу-джитсу
* Рамазан Айнегов — триатлон
* Алуа Нурмухамбет — триатлон
* Диана Ержанова — триатлон

* Аида Ким — триатлон
* Амир Маймуратов — спорттық құзға өрмелеу
* Диана Каюмова — жағажай күресі
* Әкімбай Алдияр — су добы

Елорда спортшыларына сәттілік тілейміз!

📸 Никита Басов

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button