Жаңалықтар
Елордалық велошабандоз Германиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

2026 жылдың 19–28 мамыр күндері Германияның Франкфурт қаласында велоспорттан халықаралық турнир өтті.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Рамис Дінмұхаметов жоғары нәтиже көрсетіп, шығарып тастау жарысында қарсыластарынан оза шауып, алтын медаль жеңіп алды.
Астана қаласының спортшысын және оның жаттықтырушыларын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!




