Жаңалықтар

Бокстан Қазақстан командасы “Елорда кубогы” Халықаралық турнирін 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады

Бокстан Қазақстан командасы “Елорда кубогы” Халықаралық турнирін 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.

Аталмыш жарыс ағымдағы жылдың 28 маусым күні басталып, Нұр-Сұлтан қаласы Ж.Үшкемпіров атындағы “Жекпе-жек” сарайында өтті.
Ерлер мен әйелдер арасында сарапқа салынған Елорда кубогы елімізде алғаш рет өткен болатын. Жарысқа әлем бойынша 10 елдің 250 астам мықтылары қатысты.

Жеңімпаздар ағымдағы жыл жоспарында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Азия чемпионаты 2022 жылдың 20-30 қазан Абу-Даби қаласында жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының спортшылары келесі нәтижелерді көрсетті:

Оралбай Айбек (92кг) – 1 орын

Оралбай Нұрбек (80кг) – 1 орын

Хальзова Валентина (70кг)- 1 орын

Вольнова Марина (75кг) – 1 орын

Күнгейбаева Лаззат (+81кг)- 2 орын

Волосенко Римма (60кг)- 3 орын

Сұлтанқызы Сания (57кг) – 3 орын

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button